Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері пәнаралық онлайн-сабаққа қатысты
2022 жылдың 1 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Орталық Азияның тарихы мен дәстүрлері: қазіргі жастарға көзқарас» онлайн практикалық сабақ-баттл өтті. Оған «Педагогика және психология» мамандығы 3 курс студенттері мен Худжанд және Соғды облыстарынан жоғары сынып оқушылары қатысты.
Оқытудағы пәнаралық әдіс сыни ойлау психологиясы мен тіл пәндерінің интеграциясына ықпал етті. Қатысушылар презентациялар дайындап, Тәжістан мен Қазақстан, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары мен ойындары туралы әңгімеледі. Бірлескен сынып форматы көктемгі семестрде жалғасатын онлайн-сабақтардың марафонын бастады.
Сабақтарды ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі Сауле Исалиева және «Интердом им.Е.Д.Стасовой» халықаралық орталығы мен «Аркон» бастауыш институтының орыс тілі пәнінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Екатерина Федосенко.

