қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.11.2022

Қазақстандағы педагогикалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

 

2022 жылдың 11 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің - Жобаларды басқару тобының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға офлайн және онлайн режимінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері және педагог кадрларды даярлауды жүзеге асыратын еліміздің 49 жоғары оқу орны, стейкхолдерлер қатысты.

 

Модератор Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің (ЖБТ) төрағасы, Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов болды.

 

Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-да әзірленген Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы, Қазақстанда шахматты дамыту тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беруді нығайту» жобасы аясында 30 білім беру бағдарламасын әзірлеу жобасын іске асыру туралы мәселе, «Мұғалім» қоғамдық бірлестігінің педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсыныстары, Teach for Qazaqstan білім беру бастамасын іске асырудың мүмкіндіктері мен шектеулері, «Педагог» кәсіби стандарты бойынша ұсыныстар және «ЖОО оқытушысы» мамандық карточкасының жобасы, педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері талқыланып, баяндамалар тыңдалды.

 

Дархан Біләлов Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың, оның ішінде педагогикалық білімді дамытудың басым бағыттарын қамтитын тұжырымдама жобасының тұсаукесерін өткізді.

 

Басқа да өзекті тақырыптар бойынша Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, «Мұғалім» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Арафат Нұрлақов баяндама жасады. Олар Қазақстандағы шахматты дамыту тұжырымдамасына кеңінен тоқталып, «Мұғалім» ҚБ-ның педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарын айтты.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, жоғары оқу орындарының өкілдері Тұжырымдаманың идеяларын қолдап, отырыс барысында айтылған спикерлердің ойлары мен ұсыныстары бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=


Қоғаммен байланыс департаменті