қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.11.2022

Алматыда Ұлы қағандарға арналған көрме ашылды

 


 

Алматыда «Көшпенділер өркениеті: Ұлы қағандардың хаттары, жарлықтары» деп аталатын көрме ашылды.

 

Көрменің авторы Моңғолия Мәдениет елшісі, белгілі қылқалам шебері Эрденэхуяг Ариунболд. Іс-шара Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған. Мұнда алып империяның негізін қалаушы Шыңғыс ханнан бастап, Мөңкеге дейінгі хандардың суреттерін көруге болады. Сондай-ақ алтын пайза үлгілері қойылған. Алтын пайза дегеніміз - хандардың сенім грамотасы ретінде тапсыратын металл тақташа болған. Сонау 1224 жылы Шыңғыс ханның Самарқандта бастырған алтын тиындарын, немересі Күйік ханның Рим папасына жазған хаттарын да суретші замануи үлгіде жаңартып жарыққа шығарған.

 

Алуа Таңжарықова, Абай университеті филология институтының директоры:

 

- Қазір ақпарттың тасқыны кезінде өзінің сол кездегі тамыры тереңге кеткен яғни осы көшпенділер рухын, көшпенділер өркениетін қазір мына сурет өнерінде тірілту. Яғни, соны қазіргі жастарға осындай сурет өнерінде бере білу. Негізгі мақсаты осында жатқан сияқты.

 

 

08.11.2022 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz