Халықаралық ынтымақтастық департаменті | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Халықаралық ынтымақтастық департаменті / Жаңалықтар
23.11.2023
Қазақстан мен Орталық Азияның мәдени мұрасын танымал ету
2023 жылғы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесі (Алматы қ.) Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасы бірлесе отырып Тарих және құқық институты «Тарих және қоғамтану» мамандығының 1 курс студенттері үшін тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіру және қайта құру әдістері арқылы Қазақстан мен Орталық Азияның мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған дәрістер топтамасын өткізді.
Дәрістер сериясы тарих пен мәдениетке қызығушылық танытатын барлық жастарға арналған. Дәрістер барысында келесі тақырыптар қамтылды: Үржар ханшайым және оның құпиялары (ашылу, зерттеу және қайта туылу тарихы); Тоң басқан археологиялық нысандардан шыққан патша жылқылары: Берел алқабының сақ қорғандары; Алтай жұмбақтары мен шешімдері. Пәнаралық зерттеулер.
Осыған орай, 2023 жылдың 21 қарашасында Тарих және құқық институтының «Тарих және қоғамтану» мамандығының 1 курс студенттерімен ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі доцент Ж.Т.Тілекова және кафедраның ғылыми қызметкері Н.Опабеков «Үржар ханшайым және оның құпиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл іс-шара Дүниежүзілік мұра конвенциясының 50 жылдығына және Дүниежүзілік қауымдастықтың материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенцияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|