қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2023

«Қағаз қалдықтарына екінші өмір сыйлау» конкурсы

 

2023 жылдың 4 қазан - 4 қараша аралығында ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді оқыту кафедрасының қолдауымен Жаратылыстану және география институтының жанында құрылған «Аяла» экоклубы «Қағаз қалдықтарына екінші өмір сыйлау» тақырыбында конкурс ұйымдастырды. Конкурстың мақсаты тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайтып қана қоймай, сонымен қатар оларға, атап айтқанда, қағаз өнімдерін қайта өңдеу арқылы екінші өмір беру, осылайша өндірісі бағалы ағашты қажет ететін қағаз және картон өнімдеріне үнемді және ұқыпты қатынасты арттыру. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарға марапатты ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді оқыту кафедрасының меңгерушісі Ж.Т.Тілекова табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу