қазақша · русский · english
 
 
 
10.11.2023

Абай университеті «Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)» бірінші халықаралық ғылыми конференциясында

 

Абай университеті өкілдері 2023 жылдың 8-10 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)» бірінші халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

 

Конференцияның ашылуында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Түймебаев Жансейіт; Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшесі Ақаев Асқар; Ресей ғылым академиясының академигі, Ресей ғылым академиясының П.П. Ширшов атындағы Океанология институтының ғылыми жетекшісі Нигматулин Роберт; Индонезияның Даруссалам Гонтор университетінің ректоры Хамид Фахми сөз сөйлеп, экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы және климаттың жылынуы мәселелері бойынша дәріс оқыды.

 

ҚазҰПУ-дан ЮНЕСКО-ның Педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының меңгерушісі Ж.Т. Тилекова қатысып, «Тұрақты даму контекстінде білім алушылардың мінез-құлқының экологиялық нормалары және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

 

Университет тұрақты дамуға мақсаттарына ерекше көңіл бөледі, бұл бекітілген Тұрақты даму саясатында, сондай-ақ университет 2 жыл қатарынан Қазақстан бойынша 1-ші орынға ие болған халықаралық Times Higher Education Impact Rankings нәтижелерінде көрініс тапты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу