Халықаралық ынтымақтастық департаменті | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Халықаралық ынтымақтастық департаменті / Жаңалықтар
08.11.2023
Абай университеті Алматы энергетикалық форумында
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының меңгерушісі Ж.Т. Тилекова және кафедраның ғылыми қызметкері Н. Опабеков 2023 жылдың 6-8 қарашасында Қазақ-Британ техникалық университеттінде өткен 3-ші Алматы энергетикалық форумына қатысты.
ҚБТУ алаңында Орталық Азия елдері министрліктерінің өкілдері, энергетика саласының сарапшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар - Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Орта Азия елдерінің жасыл энергетикаға ауысуын жеделдету туралы мәселені көтеру үшін жиналды.
Диалогқа қатысушылар өңірлік ынтымақтастыққа жәрдемдесуге, техникалық әлеуетті қолдауды қамтамасыз етуге және Орталық Азия елдеріне инновацияларды енгізуге, өздерінің өңірлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және қауіпсіз, қолжетімді және нөлдік көрсеткіштерді қамтамасыз ететін тұрақты энергетикалық жүйелерді құруға көмектесуге ниетті.
Форумның ашылуында Қазақстанның энергетика вице-министрі Жандос Нурмаганбетов; Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори; БҰҰ ЕЭК тұрақты энергетика жөніндегі директоры Дарио Лигути; Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Катажина Ваверния; Қазақ-Британ техникалық университеттінің ректоры Мұратбек Габдуллин сөз сөйлеп, тұрақты энергияға көшу бойынша басты мәселелерді атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|