қазақша · русский · english
 
 
 
01.07.2021

Литвалық Миколас Ромерис университетінің өкілдерімен кездесу

 

2021 жылғы 30 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті интернационалдандыру стратегиясының мақсаттарын іске асыру аясында Николас Ромерис университетінің (Литва) өкілдерімен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырылды. Николас Ромерис университетінің делегациясынан гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор Одет Мерфелдайте Рrof. Odeta Merfeldaite), Педагогика және әлеуметтік жұмыс институтының жетекшісі, профессор Валдоне Индрасиена (Рrof. Valdone Indrasiene), деканның халықаралық қатынастар және жобалар жөніндегі орынбасары, доцент Джоланта Пивориене (Аssoc. prof. Jolanta Pivoriene), оқу ісі жөніндегі декан орынбасары профессор Линас Сельмистратис (Рrof. dr. Linas Selmistraitis), Ғылыми-инновациялық орталықтың сапа және зерттеуді талдау бөлімінің бастығы, профессор Агата Каткониене (Agata Katkonienė) және үздіксіз білім беру зертханасының меңгерушісі, профессор Ирина Земаитайтите (Рrof. dr. Irena Zemaitaityte) қатысты.


Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясының құрамында Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Маржан Таджиева, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Айгерім Көшербаева, «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша кәсіби даярлық бөлімінің жетекшісі Ақбота Аутаева, «Бастауыш білім беру» бағдарламаларының жетекшісі Азия Жұмабаева, «Мектепке дейінгі тәрбие, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұлбосын Кыякбаева, «Әлеуметтік ғылымдар» (Психология) білім беру бағдарламасының кәсіби дайындық бөлімінің жетекшісі Ақмарал Сатова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы Гүлнара Джангирова болды.


Кездесу аясында Николас Ромерис университетінің делегациясы университет туралы презентация жасады. Николас Ромирис университеті - Литвадағы әлеуметтік ғылымдар мен пәнаралық зерттеулер саласындағы жетекші университет. Университет құрамына: 4 факультет, Николас Ромерис атындағы заң мектебі және қоғамдық қауіпсіздік академиясы кіреді. Университет литва және ағылшын тілдерінде 90-нан астам бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады. Зерттеулер Болон процесінің негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқудың негізгі бағыттары - бизнес, коммуникация, экономика, қаржы, тарих, менеджмент, информатика, құқық, филология, философия, саясаттану, психология, мемлекеттік басқару, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтану. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады, қос дипломды бағдарламалар, бірлескен зерттеулер мен жобалар, сондай-ақ бірлескен басылымдар жазу мәселелерін талқылады.

 

   

 

   

 

 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

 

 

 




Кері оралу