«Жаратылыс сыры - химияда» іс-шарасы
2022 жылдың 4 қараша күні Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының аға оқытушысы Қорғанбаева Жанардың жетекшілігімен «7М01510-Химия» мамандығының 2 курс магистранттары педагогикалық практика аясында «Жаратылыс сыры - химияда» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға «6В01510-Химия», «6В01512-Химия-биология мұғалімдерін даярлау» бағытында білім алатын 1 курс студенттерінен құралған «Бутан», «Алхимиктер», «Жас химиктер» және «Aurum» командалары қатысты. Сайысқа химия кафедрасының оқытушылары Қаражанова Дина, Сәрсекова Клара төрелік етіп, әділ бағаларын берді.
Іс-шара барысында 2 курс магистранттары Базарбай Гауһар мен Жанай Сандуғаш қызықты химиялық эксперименттер көрсетті. Қатысушылар білімі мен ұтқырлықтарын көрсетіп, іс-шараға белсене қатысты. Сайыс барысында тапқырлық танытып, өз білімдері мен ұтқырлықтарын көрсетіп, «Aurum» тобы бас жүлдені иеленді. «Алхимиктер» тобы 1-ші орын, «Бутан» тобы 2-ші орын, «Жас химиктер» тобы 3-ші орын иеленіп, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.


