қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2019

Неміс ғалымы арнайы білім беру кафедрасында конақта


2019 жылдың 17 қыркүйегінен бастап педагогика және психология институтының арнайы білім кафедрасында неміс ғалымы, Гейдельберг университетінің профессоры Джон Кейн дәрістер оқып, инклюзивті білім берудегі тәжірибесімен бөліседі. Неміс профессорының дәрістеріне магистранттар, докторанттар мен оқытушылар үлкен қызығушылықпен қатысады.

 

2019 жылдың 20 қыркүйегінде арнайы білім беру кафедрасы «Инклюзивті білім берудің практикалық аспектілері» тақырыбында конференция ұйымдастырып, онда профессор Джон Кейн арнайы және орта мектеп директорларымен, Педагогика және психология институтының оқытушыларымен тәжірибе алмасты.

 

Конференцияға кафедраның докторанттары мен магистранттары белсене қатысты.

 

   

 

  




Кері оралу