қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2023

Медициналық колледж студенттері үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

 

2023 жылғы 13 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының арнайы педагогика кафедрасы Алматы қаласындағы Республикалық жоғарғы медициналық колледжінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Арнайы ұйымдастырылған шараға аталған оқу орнынан 50 -ге жуық студенттері мен 6 оқытушы қатысты. Кәсіби бағдар беру барысында студенттерге арнайы педагогика мамандарын даярлау бойынша және оқу орнымыздың білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беру мақсатында арнайы әзірленген бейнеролик, слайд көрсетілді. Сонымен қатар, арнайы педагогиканың төрт пәндік бағыты, атап айтқанда: логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика және олигофренопедагогика студенттері бакалавр дәрежесін алатыны айтылды. Оқу орнымыздың бакалавр түлектері білімдерін тереңдетіп, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын жалғастыра алатындығы туралы мәлімет берілді.

 

Осы іс-шараның жалғасы ретінде колледж түлектері 16 ақпан сағат 14:30-да Педагогика және психология институтында 15 аудиторияда өтетін Ашық есік күніне шақырылады!


Ұйымдастырушы - арнайы педагогика кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты, аға оқытушы Д.Қ. Байдосова.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу