Арнайы педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Арнайы педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
16.05.2022
Инклюзивті білім беру бойынша оқу-зертханасы
Зертхананың ашылуына мұрындық болған «Дара» қайырымдылық қоры мен Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты, Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі болып табылады.
Инклюзивті білім беру бойынша оқу-зертханасының «Дара» қайырымдылық қорының жетекшісі Досаева Гульнара мен Островский атындағы көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған №4 мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Умерова Дария салтанатты лентасын кестуге қатысты.
Зертхананың мақсаты - Инклюзивті және арнайы білім беру саласында зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, студенттерді оқыту және педагогтарды даярлауда зертхана ресурстарын пайдалану
Лаборатория міндеттері: 1. Инклюзивті және арнайы білім беру саласы бойынша зерттеу қызметін жүзеге асыру 2. Зертхананың зерттеу жұмысына оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тарту 3. «Арнайы педагогика» мамандығының студенттеріне дуалды білім беруді ұйымдастыру 4. Жалпы және арнайы білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту 5.Оқу үрдісіне зертхана ресурстарын қолдану
Зертхананың негізгі қызмет бағыттары: 1.Инклюзивті және арнайы білім беру саласында зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу 2.Арнайы педагогика мамандығын даярлау 3. Диагностикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; 4.ЕББ қажет ететін балаларды реабелитациялау; 5.Білім алушыларды ресурспен қамтамасыз ету және құзіреттілігі жоғары педагогикалық кадрларды даярлау Зертхана 4 зонадан тұрады: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия мамандықтарының диагностикалық, түзете-дамытушылық жұмыстарына негізделген.
Зертхананың ашылуына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Басқарма төрағасы-Ректор Билялов Дархан Нурланұлы, «Дара» қайырымдылық қорының жетекшісі Досаева Гульнара Есенгельдиновна, Педагогика және психология институтының директоры Абаева Галия Аскербековна, Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімінің жетекшісі Аутаева Акбота Нурсултановна, Арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінің жетекшілері: Токсамбаева К.А., Злоказова И.А., Иликбаева Ш.Ш., Құлтаева Д.Х., Турегалыева Р.А., Алтынова М.Ш., Юсупова А.С. және т.б., өз тәжірибелерімен, құттықтауларымен бөлісті.
Осы атқарылып жатқан игі істердің жалғасы ретінде, болашақта «Дара» қайырымдылық қорымен және «Әлеуметтік оңалтуды дамыту мен ғылыми-практикалық орталығымен» ғылыми-зерттеу және әріптестік байланысты нығайту үшін ынтымақтастық меморандумға қол қойылып, жұмысымыз одан әрі дамуына ықпалдастық жасалуда.
Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі маман дарялауға: «Дара» қайырымдылық қорымен, Росток АВА орталығымен, Әлеуметтік оңалтуды дамыту мен ғылыми-практикалық орталығымен, «Ашық Әлем» және т.б. осы сияқты тәуелсіз өндірістік мекемелермен ынтымақтастық байланысқа негізделген екі жақты келісім шарттар дайындық үстінде.
Бұл Меморандум арқылы аутистік спектрлы бұзылысы бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, оңалтуға негізделген мамандар даярлау жоспарымен де бөліскіміз келеді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|