Негізгі бет
Жаңалықтар
21.10.2022 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету»
2022 жылғы 18-20 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Sanaly urpaq» жобасы аясында 2022-2023 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кешенді Жоспарының 1.12 тармағына сәйкес Педагогика және психология институты мен Филология және көптілді білім беру институтының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің комплаенс офицері Қамбар Усиповпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету» тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесулерге институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, эдвайзерлер, Филология институты бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Екі шет тілі», «Аударма ісі», «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі», «Батыс филологиясы», «Ұйғыр тілі» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері оффлайн (160 астам студент), (350 студент) онлайн форматында қатысты. Педагогика және психология институты бойынша «Педагогика және психология», «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Арнайы педагогика», «Психология» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері оффлайн форматында (120 астам студент) қатысты.
Комплаенс офицер Қ.Т. Усипов сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берді және жоғары оқу орнында жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысына шолу жасады. Ол өз сөзінде жалпы университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шаралар Университеттің кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетіндігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің құзіреттері туралы, студент жастарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру рухында тәрбиелеу үшін тақырыптық сауалнамалар, кездесулер, шығармашылық конкурстар, дөңгелек үстелдер өткізілгендігі туралы баяндады.
Білім алушыларға соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан, университетте енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл менеджмент жүйесі - ИСО 37001-2016 халықаралық стандартының талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының талаптарына сәйкес университеттің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Саясатының» жаңа нұсқасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жадынама Нұсқаулықтың (Инструкция), сонымен қатар, кері байланысты ыңғайлы қамтамасыз ету үшін QR - кодтың әзірленгендігі және оның барлық ғимараттарға, жатақханаларға ілінетінін айтты.
Жатақхана бөлу процесінде оңды өзгерістер болып жатқанына (жаңа цифрлы форматқа көшкендігіне) қарамастан, әлі де студенттер арасында делдалдар бар екенін нақты мысал келтіре отырып айтып берді. Сондықтан да бұл бағытта эдвайзерлер тарапынан түсіндіру жұмыстарының тұрақты түрде орындалуының маңызы орасан зор екендігіне баса назар аударды. Кездесу студенттердің белсенді қатысуымен жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
|