Тестілеу орталығы тестілеу тапсырмаларын әзірлеуге және білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыруға байланысты процестерді жүзеге асырады.
Тестілеу орталығының негізгі міндеттері:
- тесттік тапсырмаларды әзірлеуге байланысты мәселелерді қамтамасыз ету және шешу; - тестілеуді ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету; - компьютерлік тестілеудің әр түрлілігін дамыту; - әр түрлі пәндер бойынша және университеттің білім беру курстары бойынша тест тапсырмаларының базасын жинақтау; - тест тапсырмаларын жүргізу және дамыту саласында университеттің құрылымдық бөлімшелері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, басқа университеттермен, ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату; - кредиттік оқыту жүйесі бойынша құжаттаманы жүргізу.
Тестілеу орталығының негізгі функциялары:
- емтихан сессиясы үшін пәндер тізімін анықтау; - Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен келісімімен тестілеу емтихандарын өткізу кестесін жасау; - тест тапсырмасының базасын қалыптастыру; - емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу; - түрлі бағыттағы олимпиадаларда (студенттер және оқушылар арасындағы) тест ұйымдастыру және жүргізу; - қашықтықтан оқытудың аралық бақылауын ұйымдастыру және өткізу.
|