қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.10.2022

Халықаралық өзбек-қазақстандық ғылыми-тәжірибелік форум

 

2022 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Қазіргі Өзбекстан және Қазақстан құқығы: жағдайы, ерекшеліктері және даму болашағы» тақырыбында халықаралық Өзбек-Қазақстан ғылыми-тәжірибелік форумы өтті. Іс-шара Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасымен бірлесіп өткізілді.


Форумға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев және профессор Бинур Тайторина қатысты.

 

Конституциялық реформаларды іске асыруға, заңнамалық қызметті жүзеге асыруға, цифрландырудың құқықтық мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның құқықтық жүйелерін дамытудың басқа да аспектілеріне байланысты мәселелер талқыланды.

 

  alt=