Негізгі бет
Жаңалықтар
14.09.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамында
Қазақстан Республикасы Президентінің Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссия туралы Жарлықтың аясында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссияның құрамы туралы өкімге, сондай-ақ Комиссия туралы Ережеге қол қойды. Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия Алматы қаласы әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссия құрамына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, көрнекті еңбек сіңірген және қоғам қайраткерлері кіреді.
Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамына Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының жетекшісі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, доктор (PhD), Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының профессоры Ниетбаева Гульмира Бекеновна да кірді.
|