Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
08.09.2022 Абай университетінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды. Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, сондай-ақ «Аманат» партиясы мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
Іс-шара барысында ел экономикасын және оның барлық салаларын, бірінші кезекте білім беруді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» формуласына ерекше назар аударылды. Баяндамашылар Мемлекет басшысының еліміздің жастары мен балаларын әлеуметтік қолдауды жаңғырту, педагогикалық саладағы кадрларды даярлау сапасы жөніндегі бастамаларын ерекше атап өтті.
Ректор Д.Біләлов өз сөзінде Жолдаудың жоғары білімді дамытудың нұсқаулығы ретіндегі маңыздылығына тоқталды. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру отандық жоғары оқу орындарының жұмысын сапалы өзгертуге ғана қызмет етеді.
«Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағдарлап, алдағы саяси өзгерістерін айқындап берді. Бес бағдарды қамтитын саяси құжатта Ел Президенті «Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз» деп басып айтты», - деді ректор.
Жолдаудың үшінші бағдары еліміздің басты құндылығы - адами капиталды дамытуға арналып отыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы ел болашағын стратегиялық инсвестициялау қажеттігін айтып өтті. Ол үшін ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру - реформаның басты мақсаты болуы тиіс екендігін тілге тиек етті.
Іс-шарада сөз сөйлеген спикерлер Жолдауда айтылған бастамалар туралы өз пікірлерін білдіріп, негізгі бағыттарын нақтылады.
08.09.2022 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|