қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2019

Түрік профессорының дәрістері 

 

Филология және көптілді білім беру институтының және профессор Гүлбану Қасымованың шақыруымен Шығыс филологиясы және аударма кафедрасына - Эгей университетінің (Измир) профессоры және Түрік лингвистикалық қоғамының (Анкара) президенті Гюрер Гюлсевин келді. Шақырылған ғалым өз ана тілі ретінде түрік тілінің қазіргі жағдайы, түрік қоғамының мәдениеті мен өмірі туралы дәрістер мен семинарлар өткізді. Мевлана және Erasmus академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Сабақтар түрік тілінде аудармашыларсыз өткізілді, бұл студенттердің де, профессордың да қызығушылығын туғызды.

 

«Шығыстану» мамандығының 1-ші курс студенттері және «Екі шетел тілі» мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері дәрістер мен семинарларға қатысты. Соңғы семинарларда қазақ және түрік ақындарының екі тілдегі өлеңдері оқылды. Профессор Гюрер Гулсевин біздің студенттеріміздің біліміне риза болды және институт басшылығы мен кафедра меңгерушісі Ерғали Есбосыновқа шақырғаны үшін алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу