Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 74-ші ғылыми-студенттік конференциясы
2019 жылдың 18 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-де 74-ші ғылыми және студенттік конференция өтті. Кезекті конференция Қазақтың ұлы ақыны, хакім Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арнады.
Пленарлық отырыста «Аударма ісі» мамандығың 2 курс магистранты Айжан Әуелбекова «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» оқулығының ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудару ерекшеліктері» тақырыбында ерекше әрі сәтті баяндама жасады.
Әрі қарай Конференцияның жоспарына сәйкес Филология және Көптілді білім беру институтының «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының «Аударма ісі» мамандығы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Абай және аударма» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар қорғалды.
Барлығы 15 баяндама тыңдалды, олардың 10-ы магистранттардың еңбегі болса, қалған 5-і бакалавриат студенттерінің жұмыстары. Баяндамалардың біразы Абай шығармаларын аудару ерекшеліктері және ағылшын, неміс, түрік,ұйғыр тілінде атақты аудармашылардың аударманы қандай жолдармен аударғаны жайлы сөз қозғады.
Баяндамашылар нақты мысалдар келтіре отырып, студенттерге тек сәтті аудармалар туралы ғана емес, сонымен қатар көркем аударманың кемшіліктері туралы баяндады, бұл олардың тәлімгерлерін қатты қуантты.
Кафедра басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы баяндаманы дайындауға жауапкершілікпен қарағаны және шығармашылық көзқарасы үшін магистранттар мен студенттер шын жүректен құттықтай отырып, сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырды:
Айжан Әуелбекова (ғылыми жетекшісі, ф.ғ.д., профессор Айгүл Жұмабекова) - конференцияның пленарлық отырысындағы ең ауқымды әрі қызықты баяндамасы үшін;
1 орын - Таңшолпан Ташай (ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Жұмабекова);
2 орын - Әділбекова Айдына (ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Ерғали Есбосынов), Наурызбай Әбдірасыл (ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Князь Мирзоев), Дүйсенбек Балжан (ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұржамал Шеңгелбаева), Қуаныш Бейбіт (ғылыми жетекшісі магистр, оқытушы Айгерім Себдайырова);
3 орын - Аяулым Сауат (ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Масимова Халминам), Анар Қасымжанова (магистр,аға оқытушы Кульзаги Ибрагимова).