Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
13.11.2019
«Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттарының Академиялық кодексін» талқылау
2019 жылдың 11 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының «Аударма ісі», «Шетел филологиясы» және «Шығыстану» мамандықтары арасында эдвайзерлер Рая Оразова, Нұржамал Қоспанбетова және Күлғази Ибрагимова «Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттарының Академиялық кодексін» талқылады.
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Ерғали Есбосынов сөз сөйлеп, студенттерге Кодекс туралы қысқаша мағлұмат беріп, студенттердің құқығын ғана емес, міндеттері де бар екенін атап өтті.
Топ жетекшілері өз кезегінде Кодекстің мақсаттары мен ережелерін толығырақ түсіндірді. Студенттер мен магистранттардың оқуға деген қарым-қатынасына және олардың міндеттеріне аударды. Кодексті талқылау барысында бірінші курс студенттерінен алдағы сессияға қатысы көптеген сұрақтар қойылды.
Іс-шара іскерлік және достық қарым-қатынаста өтті. Қорытындылай келе қабылданған шешім: Академиялық кодексті бұзған студенттер мен магистранттар әкімшілік тарапынан оқудан шығарылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|