қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2019

Жаңа қазақ тілінің алфавиті: Тіл мамандарының тұжырымдамасы

 

2019 жылы 6 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Жаңа қазақ тілінің алфавиті: тіл мамандарының тұжырымдамасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстел Халықаралық «Қазақ тілі» ұйымы, ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл ауқымды және маңызды шараға Университетіміздің атынан біздің кафедра қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі баяндаушысы оқу орнымыздың ректоры - профессор Такир Балықбаев болды.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша жаңа латын графикасына негізделген қазақ алфавитінің жаңа редакциясы мақұлданды. Кездесу нәтижесінде қорытынды құжат - декларацияға қол қойылды.

 

   

 

   

 




Кері оралу