қазақша · русский · english
 
 
 
28.10.2019

«ЖОО-да қазақ тілін тиімді оқытудың мазмұны:(оқыту мақсатын анықтаудан оқыту нәтижесін бағалауға дейін)» семинары

 

2019 жылдың 25 қазанында ҚМЭБИ Университетінің білім және гуманитарлық факультетінде республикалық «ЖОО-да қазақ тілін тиімді оқытудың мазмұны: (оқыту мақсатын анықтаудан оқыту нәтижесін бағалауға дейін)» тақырыбында оқу семинары өтті.


Семинар тиісті әдістемелік деңгейде өтті, онда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен оны оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар семинарда шығармашылық шеберхана жұмыс істеді, онда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары шеберлік сабақтарын өткізді. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушылары Р.К. Оразова мен А.М. Алмабекова семинарға қатысып, сертификаттар алды.

 

   




Кері оралу