қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2019

Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының орынбасары Ген Липинмен кездесуi


2019 жылғы 18 қазанда Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Конфуцзы институтында қытай тілін оқытатын Алматыдағы тоғыз жоғары оқу орнының өкілдерімен, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Гэн Липин ханыммен кездесу өтті.


Кездесу барысында білім беру, халықаралық студенттер алмасу бағдарламалары және қаламыздың жоғары оқу орындарында қытай тілін оқыту мәселелері талқыланды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дан аға оқытушы Әсел Алмабекова мен «Шетел филологиясы» мамандығының 4-ші курс студенті Ақбота Сағындық қатысты. Алматыдағы ҚХР Бас консулдығынан келгендердің барлығына қытай тіліндегі оқулықтар сыйға тартылды.

 

   

 

  




Кері оралу