Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
15.04.2024
«Аударма сапасын бағалау: теория және практика» халықаралық дөңгелек үстелі
2024 жылдың 12 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Аударма сапасын бағалау: теория және практика» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Спикерлер: Орхус университетінің профессоры (Дания), «Даннеброг» орденінің кавалері және Вааса университетінің құрметті докторы (Финляндия) - Ян Энгберг. Баяндама тақырыбы: «Аударма сапасы білім беру ретінде - білім-коммуникативті тәсіл». Филология ғылымдарының кандидаты, Ресей Аудармашылар одағының аударма ісі және кадрларды даярлау секциясының меңгерушісі, «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің доценті, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік Институтының доценті - Ирина Убоженко. Баяндама тақырыбы: «Аударма сапасы: бағалау шкаласы және критерийлер жүйесі». Филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, «Қазақстан жоғары мектебі» Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі - Айгүл Жұмабекова. Баяндама тақырыбы: «Шетелде және Қазақстандағы аударма сапасын бағалау проблемасының қазіргі жағдайы». PhD докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университеті «Шет тілдерінің сөйлеу тәжірибесі кафедрасының» меңгерушісі - Айжан Күркімбаева. Баяндама тақырыбы: «Академиялық бағытта аударма сапасын бағалау үшін J. House моделін қолдану». Магистр, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінің аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы - Анар Оспанова. Баяндама тақырыбы: «Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударманың сапасын және аударма стратегиясын бағалау». Магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы - Арупжан Мұхитов. Баяндама тақырыбы: «Анкеталау мақсатты аудиторияның аударма сапасын бағалау әдісі ретінде».
Дөңгелек үстел AR19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу саласы» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚазХҚжӘТУ аудармашылық мамандықтарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Баяндамашылардың баяндамалары үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды, өйткені көтерілген мәселелер ғылыми тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да - оқу үдерісін табысты жүзеге асыру үшін өзекті болып табылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|