Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
10.04.2024
Шет тілдерін білу - табысты кәсіби қызметтің кілті 2024 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының «Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенттері үшін Алматы қаласы Гете-институтының кітапханасына экскурсия өткізілді. Оқу залының қызметкерлері студенттерді ең алдымен институт кітапханасының лингвистикалық және энциклопедиялық сөздіктерден бастап тақырыптық және әмбебап энциклопедияларға дейінгі ауқымды әдеби және аудио-бейне қорымен, сонан соң шет тілін үйренудің тамаша мүмкіндіктері мен шарттарымен таныстырды. Заманауи мультимедиялық құрылғылар мен сенсорлық экрандары бар кең экранды дисплейлер студенттердің қызығушылығын тудырды.
Экскурсия барысында студенттердің назары неміс тіліндегі (А1-С2) оқу-әдістемелік материалдарына және неміс көркем әдебиетін қағаз және электрондық форматта меңгеру деңгейлері бойынша оқулықтардың кең таңдауына, сондай-ақ онлайн-тыңдауға арналған аудиокітаптар кітапханасына аударылды. Болашақ мамандар неміс/қазақ және қазақ/неміс тілдерінде жүзеге асырылатын «Аудармашы» жобасының жетістіктері туралы ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты. Бұл жоба неміс тілді елдердің оқырмандары мен аудармашыларының Қазақстанның тіліне де, әдеби шығармашылығына да қызығушылығының айтарлықтай өскенін көрсетеді.
Экскурсия соңында студенттерге әдеби-аударма жобасына қатысушылардың кітаптары таныстырылып, түрлі іс-шараларға, шығармашылық кездесулерге, ана тілінде сөйлейтіндерді тарта отырып, оқу курстары мен семинарларға шақырулар жасалды.
Экскурсия ұйымдастырушылары - «Шығыс филологиясы және аударма ісі» кафедрасы, эдвайзерлер К. К. Ибрагимова және А.З. Мухитов.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|