қазақша · русский · english
 
 
 
24.01.2024

Педагогикалық іс-тәжірибе ашылу конференциясы

 

Филология институтының оқу жоспарына сәйкес шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «6В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» 3 курс (қытай, араб, түрік, корей тілдері), «6В01707-Ұйғыр тілі және әдебиеті - ағылшын тілі» 3 курс мамандығы бойынша студенттерін 2024 жылғы 22 қаңтар - 4 мамыр аралығында педагогикалық практикадан өту үшін «AiSaf-Almaty » ЖМ гимназиясына, «АйСаф» қыздарға арналған жеке меншік мектебіне, Шетел тілдер педагогикалық колледжіне, Алмалы ауданы ЖШС «Хансан» тіл үйрету мектебіне, Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназия мектепке жіберілді.

 

Осы мамандықтар бойынша практиканы ашу жөніндегі конференция 2024 жылғы 22 қаңтарда ZOOM платформасында онлайн-режимде өтті. Іс-тәжірибе ашылу конференциясына кафедра меңгерушісі Конкабаева Н.Н., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты магистр, аға оқытушы Раева А.Н, әдіскер-оқытушылар - аға оқытушылар Оразова Р.К., Коспаганбетова Н.Х., Бурмистрова Е.В., Баратова Ш.Б. және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында практиканың мақсат-міндеттері, ережелері түсіндіріліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

 

  alt=  




Кері оралу