қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2023

Түркі халықтарына тән ортақ мәдени құндылықтар

 

2023 жылдың 24 қазанында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Невшехир Хажы Бекташ Уәли университеті профессоры, Түркі халықтарының фольклоры бөлімінің бастығы (Түркия) Адем Өгер «Түркі халықтарына тән ортақ мәдени құндылықтар» атты тақырыпта ашық лекция оқыды. Ғалым өзінің дәрісінде түрік, қазақ және ұйғыр халықтарының салт-дәстүрлеріндегі ұқсастықтар, оларды шығу тарихы туралы өз ойымен бөлісті.

 

Дәріске 1курс «Ұйғыр тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі» ОБ, 3 курс «Шетел тілі: екі шет тілі» ОБ студенттері және кафедра меңгерушісі Конкабаева Н.Н., түрік тілінің оқытушысы Ашимова Д.М., ұйғыр тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушылары Ш. Баратова, Х. Масимова, Р. Арзиевтер қатысты. Дәріс соңында кафедра меңгерушісі Конкабаева Адем Өгерге ашық дәріс өткізгеніне рақметін айта отырып университет атынан алғыс хат және естелікке сыйлық тарту етті.

 

  alt=  




Кері оралу