Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
19.10.2023
Көне түрікшенің жаңадан оқылуы және әліпбиі
2023 жылғы 18 қазанда Филология институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Жойылып бара жатқан тілдердің халықаралық академиясының (The International Endangered Language Academy) ізденуші ғалымы Білге Узел (Амстердам, Нидерланды) «Көне түрікшенің жаңадан оқылуы және әліпбиі» атты тақырыпта ашық лекция оқыды. Лекция барысында көне жазба ескерткіштердегі жазуларды таныстыра отырып, түркі елдерінің жазуларындағы ерекшеліктерді айқындап көрсетті. Жойылып бара жатқан тілдерге, олардың жойылмауы үшін жасалынып жатқан жұмыстардың бірқатарына тоқталды.
Дәріске «Аударма ісі» (4 курс), «Шетел тілі: екі шет тілі» (3 курс) мамандықтарының студенттері және кафедра меңгерушісі Конкабаева Н.Н., түрік тілінің оқытушысы Ашимова Д.М., аударма мамандығының оқытушысы Ислямова Ұ.А., түрік тілінен келген волонтер Салук Р.Г. қатысып, лектормен сұрақ-жауап алмасты.
Дәріс соңында кафедра меңгерушісі Конкабаева Н.Н. Білге Узелге ашық дәріс өткізгеніне рақметін айта отырып университет атынан алғыс хат және естелікке сыйлық тарту етті. Лектор өз зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарияланған кітаптарды оқытушы Н.Н.Қонкабаева мен У.А.Ислямоваға сыйға тартты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|