Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
16.03.2023
Талапкер-2023: «Кәсіп - болашаққа бастар жол» офлайн кездесу
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіп - болашаққа бастар жол» кәсіби бағдар беру аясында 2023 жылғы 16 наурызда 10-11 сынып оқушылар арасында Алматы қаласы Ш.Смаханұлы № 62 гимназия директоры М.Н.Набидоллаева қатысуымен офлайн-кездесу өтті. 10-11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ жайлы жалпы мағлұматтар, сондай-ақ университет құрылымындағы Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары туралы кеңінен таныстыру мақсатында презентация, бейнежазба түсірілімдері көрсетілді. Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Қоңқабаева және аталған кафедраның аға оқытушылары Н.Р.Шенгелбаева, Ж.М.Елемесова, А.М.Алмабекова қатысып, университет және кафедра мамандықтары туралы ақпараттар жан-жақты толықтай берді.
Университеттің жоғары оқу орындары арасындағы әлемдік нарықтағы орны мен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Мектеп оқушыларында қызығушылықтар тудырған аударма ісі, шығыс, шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және ҰБТ-да грант ұту мүмкіндіктері сияқты қойылған сұрақтарға, кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша оқытушылар жан-жақты жауап берді.
Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті түлектердің бар екені айтылып, алынған ақпараттар кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған маңызды іс екенін түйіндеді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|