қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2022

Халықаралық білім беру ұлттық институты (NIIED)делегациясының сапары

 

2022 жылдың 11 қарашасында Абай таындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасына Корея Республикасынан делегация келді. Делегацияны кафедра меңгерушісі Назым Конкабаева, оқытушы Нам Н.С. күтіп алды. Делегация құрамында Кореяның Қазақстандағы Елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығының директоры - Ким Тэхван, Корея Республикасы Білім министрлігі жанындағы Халықаралық білім беру ұлттық институтының (NIIED) директоры - Ким Джиён және т.б. қонақтар болды.


Сапардың мақсаты - ерікті-оқытушы Бэ Мункидің Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы жұмысымен танысу. Қазақстанға іссапарымен жіберілген қызметкер қандай ортада және қандай жұмыс жағдайында жұмыс атқарып жатқандығы, шетелдік оқытушылар үшін тұрғын үй, тұрмыстық жағдайлар, студенттермен жұмысын бағалау және т. б. мәселелер айтылды. Кездесу нәтижесінде корей тарапы кафедра тарапынан оқытушыға жасалған қолайлы жағдайды, студенттердің ерікті -оқытушы Бэ Мунки сабағына деген қызығушылығы мен ынтасын көре алды.


Кафедра меңгерушісі Н. Н. Конкабаева Университет қабырғасында корей тілін дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, Кореяның мәдениеті мен тарихын тіл арқылы зерделеу мақсатында «Корей тілі» үйірмесін құру, сондай-ақ студенттерге арналған магистрлік бағдарламаны іске асыру жоспарлары мен корей тілін таңдаған студенттер үшін қос дипломдық жобаларды іске асыру жайында өз ойымен бөлісті. Корей білім беру орталығының директоры кафедраның ұзақ мерзімді бағдарламасына қызығушылықпен қарап, бұл бастамаларды корей тарапы қолдайтынын мәлімдеді, сондай-ақ, ҚР оқыған корей тілі оқып аяқтаған түлектер мен оқытышулар үшін педогикалық ЖОО жұмыспен қамтамасыз ете алатынына сенім білдірді. Осы бастаманы іске асырған жағдайда Корея министрлігі, Корея Республикасының Елшілігі де тиісті кадрлармен, оқу материалдарымен және т. б. материалдық қолдау білдіретінін айтты.

 

  alt=  

 




Кері оралу