Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
01.11.2022
Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы әдебиеттің маңызы
2022 жылдың 28 қазанында Ардахан университетінің (Түркия) профессоры Ердоған Алтынқайнактың 18-28 қазан аралығында «Қазақстан мен Туркия елдерінің достық қарым-қатынас нығайтуда әдебиеттің маңызы және оны оқытудың ғылыми-практикалық әдістері» тақырыбында өткізген ғылыми-практикалық семинары аяқталды. Шетелдік профессор ғылыми-практикалық семинарды оффлайн және онлайн форматта өткізді. Ғылыми-практикалық семинарға өзге университеттен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰлтҚызПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ оқытушылары, докторанттары және магистранттары қатысты. Іс-шара Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н. ұйымдастыруымен өтті. Семинардың жабылу салтанатына Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Х.Н., Филология институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Найманбаев А.Ә., шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰлтҚызПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары қатысты.
Жанбеков Х.Н. алғысын білдіріп, профессор Ердоған Алтынкайнакқа университет атынан арнайы сыйлық табыс етті.
Өз кезегінде шетелдік профессор университет басшылығына алғысын білдіріп, болашақта да бұл сыйластық жалғасатына сенім білдірді. Ғылыми-практикалық семинардың соңында профессор Ердоған Алтынқайнак қатысушыларға сертификаттар табыстап, естелікке суретке түсті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|