қазақша · русский · english
 
 
 
30.05.2022

«Менің арманым» сөйлеу олимпиадасы


2022 жылғы 30 мамырда ҚазҰПУ-да корей тілін оқитын студенттер арасында сөйлеу олимпиадасы алғаш рет өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Ағылшын тілін білетін шығыс (корей) тілінің мұғалімі» мамандығының студенттері арасында «Менің арманым» тақырыбында сөйлеу олимпиадасы өтті. Бұл тақырыпты таңдауына 1 курс студенттерінің қатысуы себеп болды.

 

Қазылар алқасының құрамында Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанындағы корей білім орталығының директоры Ким Дэ Хван, Оңтүстік Кореядан келген волонтер мұғалім Лим Санг Ми және мұғалім Нам Н.С. болды.

 

Топта 20 cтудент бар, олимпиадаға жеті оқушы қатысты, бірақ топ студенттері группаластарын қолдауға келді.

 

Олимпиада 1 ғана турдан тұрды, барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтары мен сертификаттарға ие болды. Ал алғашқы 3 орынды иеленген жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болды (1-орын - 40 мың теңге, 2-ші орын - 25 мың, 3-ші - 15 мың теңге).

 

Бұл іс-шара Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы және меңгерушісі Г.Х.Абдрахманова және Корей білім беру орталығы қолдауымен өтті. .

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу