қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2022

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығындағы аударма және шығыстану мәселелері

 

2022 жылдың 27 сәуірінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы және ұлттық құндылықтар» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығындағы шығыстану, аударма мәселелері» секциясының отырысы өтті.

 

Секцияға: түрік зерттеушісі V.Aşkaroğlu, сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері - барлығы 45 адам қатысты.

 

Баяндамашылар Ахмет Байтұрсынұлының ғалым, аудармашы, ұстаз ретіндегі көп қырлы шығармаларын ерекше атап өтті, оның мұрасы қоғам дамуының қазіргі кезеңінде өзекті болып қала беретіне басты назар аударды.

 

Секцияны филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Жұмабекова жүргізді.

 

   

 

   




Кері оралу