Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
28.10.2021
Кітап баспа өнері
2021 жылғы 27 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 1-3 курс студенттері ҚР Ұлттық ғылым ордасында өтіп жатқан Ашық есік күніне орай экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында кітапхананың ғылыми қызметкерлері әр бөлім мен кабинеттердің тарихына толық тоқталып, бізге үш қабаттың барлығын аралатып, жақсы экскурсия жасатып шықты.
«Кітап баспа өнері» көрмесі студенттерге өте жақсы әсер қалдырып, мәнді, мағыналы болды. Кітапханада 6,5 млн-нан астам кітап қоры бар екен, ең көне кітап 16 ғасырға тиесілі. Кітапханада қалыңдығы жағынан ең үлкен кітап 63 сантиметр және 14 сантиметрлік өте жақсы сақталған қытай-ағылшын сөздігі болып табылады. Студенттер көне кітаптарды көздерімен көргеніне қуанды, олардың пікірінше, ғимараттың әдемілігі мен оқу залдарының жайлылығы, ғылыми еңбектердің көптігі диплом жұмыстары мен мақалалар жазу үшін өте ыңғайлы екенін көрсетті. Осындай көрмелер жасап, университеттермен тығыз байланыс орнатып, студенттерді шақырып, көптеген мағлұматтар бергені үшін Ғылым ордасының ғылыми қызметкерлеріне, сирек кітаптар қоры бөлімінің басшысы Гүлшат Абиковаға кафедра оқытушылары алғыстарын білдіреді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|