Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
26.04.2021
Жаһандану дәуіріндегі көптілділік: өзге тілдің бәрін біл!
2021 жылғы 22 сәуірде Филология және көптілді білім беру институты шығыс тілдері және аударма кафедрасының аға оқытушысы Шаирям Баратованың ұйымдастыруымен «Жаһандану дәуіріндегі көптілділік: өзге тілдің бәрін біл!» онлайн-дөңгелек үстелі өткізілді.
Іс-шараға институт директорының тәрбие істері бойынша орынбасары Ерлан Қасенов және кафедра оқытушылары қатысты. Негізгі баяндамашы-спикерлер кафедра меңгерушісі Г.Х. Абдрахманова, профессор А.К. Жұмабекова, доцент Р.У. Арзиев, ф.ғ.к. Е.З. Есбосынов болды.
Спикерлер араб, ағылшын, түркі және ұйғыр тілдерінің мамандары ретінде аталмыш тілдердің еліміздегі орны, үйренудің маңызы, өмірдегі қажеттілігі жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, мемлекеттің көптілді саясатты ұстануы жаһанданған заманда ел азаматтарының әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жасаған үлкен қадамы екенін айта келіп, қазіргі қоғамда шет тілдерінің рөлі жайында пікір алмасты. Баяндамашылар нақты дәлел-деректерге сүйеніп, өз ойларын ортаға салып отырды.
Білікті мамандар тарапынан «Көптілділік мәдениетаралық және этносаралық коммуникацияның факторы ретінде», «Көп тіл білу - жаһандану заманының талабы», «Қазақстандағы көптілділік», «Түркиядағы этникалық топтар мен ұлттық диаспора тілдерінің қолданысы» тақырыбындағы өзекті де ауқымды мәселелер орын алған баяндамалардың жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтуге болады.
Кафедра оқытушылары, студент пен магистранттар қатсықан дөңгелек үстел тағылымы мол мазмұнда өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|