Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
15.02.2021
Аударма мәселелері бойынша Мәскеу мемлекеттік университеті профессорының онлайн-дәрісі
2021 жылдың 12 ақпанында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Шет тілдер және өлкетану факультеті шет тілдерін оқыту теориясы кафедрасының профессоры Зоя Прошина «Approachesto Translation Studies» (Қазіргі аударматанудағы тәсілдер) деп аталатын Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен студенттеріне арналған онлайн-дәріс оқыды.
Профессор З.Г.Прошина қазіргі аударматанудағы семиотикалық, коммуникативтік және психолингвистикалық тәсілдердің ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар, дәріс барысында заманауи қытай, жапон және корей тілдерін түсіну теориясы мен интерпретативтілігі мәселелері де қарастырылды.
Екі сағатқа созылған дәрісті тыңдаушылар аса қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сауалдарға толыққанды жауап алды.
Шығыс филологиясы мен аударма кафедрасының магистранттары және студенттері профессор З.Г.Прошинаға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта да аударма мәселелеріне арналған жаңа дәрістерді асыға күтетіндігін жеткізді.
Дәріс аударматану мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми вебинарлар кешені аясында профессор А.Қ. Жұмабекова ұйымдастыруымен өткізілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|