қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2020

Мысыр ғалымы араб тілі бойынша онлайн-курс өткізді

 

2020 жылдың 14-28 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының студенттері үшін Каирдегі (Мысыр) Әл-Азхар университетінің профессоры, доктор Али Шабан «Араб тілінің практикалық фонетикасы» тақырыбында онлайн-курс ұйымдастырды.


Білікті маманнан дәріс алған студент қауым араб тілі мен әдебиетіне, араб тілінің қазіргі даму үдерісіне байланысты көптеген мағлұматтар алды, жергілікті оқытушылардан алған білімдерін шыңдай түсті.

 

Екі апталық онлайн-курс қорытындысы негізінде 30 қараша күні Али Шабан мырзамен кездесу ұйымдастырылып, институтымыздың директоры Алуа Таңжарықова, танымал профессор-оқытушымыз Князь Мирзоев, кафедра меңгерушісі Кульсун Абдрахманова және араб тілі пәнінің аға оқытушысы Элеонора Кансейітовамен бірге студенттер қатысты. Қашықтан кездесу барысында көптеген өзекті мәселелер сөз болып, студенттер Али Шабан мырзамен араб тілінде сұхбаттасып, жүрекжарды тілектері мен алғыстарын білдірді.

 

Кездесу барысында екі елдің студенттері арасындағы байланысты нығайту және араб тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.Осы мақсатта түрлі форматтағы келісімдердің жобаларын дайындау жоспарлануда.Халықаралық вебинар соңында доктор Али Шабан Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларына студенттерді шет тілдеріне, соның ішінде араб тілдеріне оқытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Ол кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне жаңа жетістіктер тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу