қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2020

Сенде бір кірпіш дүниеге....

 

2020 жылдың 9 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы жарияланып, ағымдағы жыл «Абай жылы» болып жарияланды. Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы да ұлттық деңгейде өтетін түрлі формадағы және мазмұндағы іс-шараларға өз үлесін қосуда. Сонымен, 2020 жылдың 30 қазанында түрік тілінің аға оқытушысы Сатпай Гүлназдың ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Сенде бір кірпіш дүниеге....» тәрбиелік іс-шара өткізілді.

 

Тәрбие сағатына кафедра оқытушылары, Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.С. Қасенов, түрік тілінде оқитын студенттер, сондай-ақ шетелдік қонақтар қатысты. Бейнеконференцияда бірінші болып қазіргі түркі тілдері мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, доктор Экрем Аян (Кочман Мугла Сытки университеті, Түркия) «Абай философиясы әлеуметтік ортадағы догматикалық ойлар мен пайымдауларға қарсы» тақырыбында баяндама жасады.Тақырыпты Әзірбайжан мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Мехтизаде Гульчен «Абай Құнанбаев шығармашылығындағы тәрбиелік идеялар» баяндамасымен жалғастырды. Халықаралық бейнеконференция барысында Гази университетінің докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Мейірқұлова Аида «Абай Құнанбайұлының қара сөздерін тәрбие тұрғысынан талдау» баяндамасын оқыды.

 

Тәрбиелік іс-шарада мұғалімдермен бірге олардың шәкірттері де сөз сөйледі. Сонымен, екі шет тілі мамандығының үшінші курс студенті Абдусаттарова Углай Абайдың Бірінші қара сөзін түрік тілінде оқыды. Ал Усерова Алмажай «Көзімнің қарасы» әнін түрік тілінде тамаша орындады. Кафедраның аға оқытушысы Сәтбай Гүлназ ұйымдастырған «Сенде бір кірпіш дүниеге....» тақырыбындағы халықаралық бейнеконференциясы жоғары деңгейде өтті. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі, университет профессоры Кульсун Абдрахманова қорытынды сөз сөйледі. Ол осындай тәрбиелік іс-шаралардың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, барлық қатысушылар мен баяндамашыларға алғысын білдірді.

 

   

 


 




Кері оралу