қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2020

А.С Мукашеваны мерейтойымен құттықтау

 

2020 жылдың 30 қазанында Филология және көптілді білім беру институты, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Айша Серікқызы Мукашеваны 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтау рәсімі болып өтті.

 

Іс-шара барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры профессор Асан Сәтмырзаев, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Алуа Таңжарықова, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының құрметті меңгерушісі профессор Князь Мирзоев және кафедраның меңгерушісі Кульсун Абдрахманова құттықтау сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді.

 

Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры профессор Асан Сәтмырзаев Айша Сериковна Мукашеваны өз ісінің білгір маманы, педагогика саласының майталман маманы деп атап, ондаған жылдар бойы тапжылмай еңбек еткенін атап өтіп, ондаған магистрант-докторант шәкірт тәрбиелеп шығарғанын тілге тиек етті. Проректор университет ректоры Такир Балықпаевтың атынан Алғыс хат сертификатын салтанатты түрде табыс етті.

 

Филология және көптілді білім беру институтының директоры филология ғылымдарының докторы Алуа Таңжарықова Айша Серікқызын институтпен бірге жасасып келе жатқан аға буын ұстаздар қатарында екендігін айта келе ұстаздық рухы мен шынайы тәрбиесін өзінің ұжымына, институтқа табыстап бара жатқанын атап өтті. Алуа Таңжарықова ұлағатты ұстазға гүл шоқтарын ұсынып, алғысын білдірді.

 

Кафедраның құрметті меңгерушісі Князь Мирзоев Айша Серікқызымен ондаған жылдар бойы үзеңгілес, ортақ іс арасында жүргендігіне тоқтала келе, мұны үлкен мақтанышпен айтатындығын, ұлағатты ұстазды қашанда мақтан ететіндігін айтты.


Өз кезегінде Кульсун Абдрахманова кафедра ұжымының, студенттер мен магистранттардың Айша Серікқызына шынайы алғысын білдіріп, бүгінгі іс-шараның университет деңгейінде ұйымдастырылуы кездейсоқ емес екенін айтты. Айша Серікқызындай ұстаздардың орны қашанда бөлек, еңсесі биік болып қала беретіндігіне кәміл сенетіндігін және кафедра ұжымы үшін қашанда ұстаз болып қала беретіндігін сенімі мол екендігін атап өтті.


Салтанатты іс-шараға кафедра ұжымы мен құрметті қонақтары онлайн режимінде қатысып, А.Муқашеваға жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу