қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2020

Алматы мектептерінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы


2020 жылдың 4 мамырында Алматы қаласы мектеп бітіруші түлектерімен және ата-аналармен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушыларға Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филология және аударма кафедрасының оқытушылары Кулсун Абдрахманова, Элеонора Қансейтова, Нұржамал Қоспағанбетова «Шығыстану», «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандықтары туралы толық ақпарат берді. Аталған мамандықтарға қызығушылық танытқан түлектерге сол мамандықтың дайындап шығатын кадрлары, оқытылатын шығыс тілдері және сабақ беретін оқытушылар жайында мәлімет беріліп, слайд арқылы таныстырылды. Түлектерге осы мамандықтардың магистратура және докторантура бөлімдерінің бар екені және бакалаврды аяқтағаннан кейін оқуларын әрі қарай осы бөлімдерде жалғастыра алу мүмкіндіктері бар екені айтылды. Сонымен қатар оқу барысында белсенділік танытқан, білімін шыңдаймын деген студенттерге шығыс (Араб елдері, Түркия, Қытай) мемлекеттеріне тәжірибе алмасуға, ғылыми іздену жұмыстарын орындауға жіберілетіні жайында айтылды.

 

Кездесу соңында сынып жетекшісі Р.С. Сатпаева және ата-аналар, түлектер өз ризашылығын білдіріп, таңдайтын мамандықтарының қатарына қосатынын айтып, пікір білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу