Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
28.04.2020
«Қазіргі студент жастардың сөйлеу мәдениеті» онлайн-семинары 2020 жылы 27 сәуірде Филология және көптілді білім беру инcтитутының «Аударма ісі» мамандығының 2-ші курс студенттері пән оқытушылары Нұржамал Шенгелбаева, Кулзаги Ибрагимова және Айгерим Себдайырованың қолдауымен «Қазіргі студент жастардың сөйлеу мәдениеті» онлайн-семинар өтті.
Студент қауымның сөйлеу мәдениетіне қатысты жаргон мен сленг тақырыбында профессор А.К.Жумабекова, А. М.Алмабекова, Р. Оразова, Е. Самбетов, Г. Алиханкызы және Г. Досматова сияқты оқытушылар сыни көзқарастары мен ғылыми ұстаным, пікір, ұсыныстарын білдірді.
Семинар модераторы Диана Айсаеваның дайындаған «Сленгтердің әдеби тілдегі ролі» тақырыбындағы презентацияны студенттер мен оқытушылар үлкен қызығушылықпен қабылдады. Себебі бұл баяндама сөйлеу мәдениеті мәселесіне жастар көзімен қарау, жастар көңілімен бағалай білу үрдісін көрсетті, мәселені «ішінен көріп-білу» тұрғысынан өзекті де мазмұнды болды.
Кафедра меңгерушісі Ерғали Есбосынов онлайн-семинарды қорытындылап, мұндай тақырыптың қашанда маңызды және өзекті болып қала беретіндігіне назар аударды. Кездесудің кафедра ұжымымен қоса аудармашы мамандығын таңдаған филолог-студенттер үшін аса маңызды тақырып екендігін атап өтті. Семинарды ұйымдастырушы оқытушыларымыз бен белсенділік танытқан студенттерге табыс тілеп алғыс айтты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|