Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
11.02.2020
Білімге күнде 100теңге» қайырымдылық іс-шарасы
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев 2019 ж. 31-ші желтоқсанында Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзінде 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады (https://kazakh-tv.kz/kz/view/society/page_205496_2020-zhyl-eriktiler-zhyly-dep-zhariyalandy). Дегенмен елімізде «Еріктілер клубы деп» аталатын қоғамдық бірлестік 2010 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Еріктілердің қоғамдық белсенділігі мен мұқтаж адамдарды қолдап-сүйемелдеуі қашанда әлеуметтік, тіпті саяси маңызы бар істер қатарына жатқан. Білім беру саласындағы, оның ішінде педагогтық ортадағы еріктілер тобының маңызы қашанда ерекше болған. Университетіміздің Филология және көптілді білім беру инcтитуты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы педагогтар ұжымының «Білімге күнде 100 теңге» қайырымдылық іс-шарасы елеп-ескеруге бек лайық екендігін айтқанымыз жөн. Кафедрамыздың аға оқытушысы Гүлназ Сәтбайдың бастамасымен іске асып жатқан еріктілер әрекеті студент қауымды қуантпай қоймады.
Атап айтқанда кісі басынан күніне 100 теңгеден шым-шымдап жиналған азын-аулақ ақша шынайы мұқтаж иелерін тауып екі студентімізді бір сергітіп тастады. Екеуіне де 26 000 теңге бұйырды. Бір студентіміз еріктілеріміздің қолынан алса, педпрактикадағы екінші студентіміз банк карточкасы арқылы алды. Гүлназ Сәтбайдың айтуына қарағанда «...Көп түкірсе көл деген. Жиналған тиын-тебен жақындарым, достарым, әріптестерім, көршілерім, студенттерім және инстаоқырмандарымның шын ниетімен берген адал ақшасы, шынайы көңілінің көрінісі. Қайырымдылық көрсетіп, еріктілер легіне қосылған абзал жандарға алғысымды білдіремін!». Біз де, кафедра ұжымы осы сөзге қосылып еріктілерімізге алғыс айтамыз және қолға алған істерін одан әрі жандандырады деп сенеміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|