қазақша · русский · english
 
 
 
13.01.2020

Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды қолдану

 

2020 жылдың 5-17 қаңтар аралығында Қысқы мектеп аясында өткізілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда білім беру ресурстарын (www.bilimland.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz) пайдалану бойынша оқу тренингтеріне Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы (Халминям Масимова және Шаирям Баратова Бағдат қызы) қатысты.

 

Іс-шарада заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және оларды білім беруде пайдаланудың маңыздылығы туралы айтылды. Білім беруде ақпараттандырудың техникалық құралы болып табылатын электронды оқулықтар жасау программалары туралы ақпар берілді. Электронды оқулық құрастыратын turbosite программасын игеруге бейімделу мүмкіндігі қарастырылды. Практикалық және он-лайн сабақтарға негізделген бағдарлама семинарына кафедрамыздан қатысушы оқытушылар үлкен қызығушылық танытты. Себебі семинардың өзекті мазмұнын осы оқу жылында басталып кеткен қашықтан оқыту ҚБТ бағдарламасына да қатысты болды. Өз кезегінде бұл мәселе кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамы үшін маңызды мәліметтер қатарынан саналатын.

 

 




Кері оралу