қазақша · русский · english
 
 
 
30.12.2019

Өткен жылдың қорытындысын талқылау

 

2019 жылдың 30 желтоқсанында өткен жылды қорытындылау мақсатында кафедраның құрметті меңгерушісі Князь Мирзоевтың қатысуымен Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының отырысы өтті. Іс-шара бір күн бұрын Алматы маңында орын алған әуе апатын еске алумен басталды.


Кафедра мәжілісін кафедра меңгерушісі Ерғали Есбосынов жүргізді. Әлеуметтік және ғылыми қызметтің әр саласы бойынша оқытушылардың баяндамалары тыңдалды. Кафедра меңгерушісінің ағымдағы сессия, университет жүйесіндегі және педагогикалық / өндірістік практиканың жағдайы туралы баяндамасы үлкен ықыласпен тыңдалды. Бұл бағыт бойынша кафедраның аға оқытушысы Әсел Алмабекованың есебі тыңдалды. Профессор Айгүл Жұмабекова оқытушылардың ғылыми жарияланымдардағы жағдайын жан-жақты талдады.

 

Аталған мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылы кафедра оқытушылары импакт-фактор индексі бойынша 5 ғылыми мақала, Қазақстан Республикасы ККСОН бойынша 12 мақала жарияланды. Түрік және неміс тілдері мұғалімдерінің ғылыми сапарлары атап өтілді. Кафедра меңгерушісі Ерғали Есбосыновтың ұсынысы бойынша 2019 жылдың 6 қарашасында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы» Республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Іс-шара барысында кафедра ұстаздарының жұмыстары институт, университет масштабындағы да беделіне оң әсер еткендігі айтылды. Сондай-ақ, екі оқытушының ғылыми жарияланымдарының жоқтығы және институт директорының бір мұғалімге сөгуі де анықталды. Кафедра меңгерушісінің айтуынша, кафедраның әлеуметтік және ғылыми қызметтің барлық бағыттары бойынша оң серпіні байқалды.

 

 




Кері оралу