қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
11.04.2019

Менің мамандығым- менің болашағым

 

2019 жылдың 10 сәуірінде Тарих және құқық институтына қарасты «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында кәсіби бағдарланған іс-шара өткізілді. Іс-шарада Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов және «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бурибаевтар сөз алып, институттағы мамандықтармен таныстырды.

 

Іс-шарада Алматы қаласының №178 және №159 орта мектептерінің түлектері институттың тарихы және оқу үрдісі жөнінде видео-жазбаларды көріп, «Құқықтану» мамандығының 1-2 курс студенттерінің өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар, мектеп түлектері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, «Құқықтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және жоғары курс студенттері тарабынан жауап алды.

 

Аталған шараны өткізуге атсалысқан «Құқықтану» кафедрасының профессоры Гүлжазира Мейірбекова шараны қорытындылап, келген мектеп оқушылары мен жетекшілеріне естелік сыйлықтар табыстады.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу