қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
09.04.2019

Тәртіп бар жерде әрдайым реттілік бар

 

2019 жылдың 5 сәуірінде университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-да академиялық адалдықты ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге, сондай-ақ академиялық адалдықты бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Тарих және құқық институты директоры Болат Жұмағұлов профессор-оқытушылар құрамына «Академиялық адалдық» кодексін қатаң ұстануға және білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу