қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
09.04.2019

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау

 

7 сәуірде Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев, академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушысы Эльмира Әзретбергенова ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын білім алушылар арасында дәріптеу мақсатында №5 жатақханада кездесу өткізді.


Кездесуде мақаланы кеңінен түсіндіру үшін баяндама оқылып, қатысушылар оз ойларын ортаға салды. Бұл мақала уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өмірінде дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірлерімен ерекшеленеді. Мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне, сананы жаңғырту мен ұлы даланың ұлы есімдеріне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарына қайрат, жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны туралы тоқталып өтті.

 

Еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне жыл сайын серпін беріп, жаңа белестерге бастайтын Елбасының Жолдаулары және басқа да тарихи құжаттары қазақ халқын дүние жүзіне тағы бір қырынан танытатындығы талқыланды.

 

   

 

  




Кері оралу