қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
28.02.2019

Діни сауаттылықты жетілдіру

 

2019 жылдың 21-28 ақпаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы жастар арасында экстркимизм мен радикалды сенімдердің таралуына жол бермеу және діни сауаттылықты жетілдіру мәселелері қамтылған ашық дәрістер өткізді.

 

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгеушісі Жомарт Симтиков, профессор-оқытушылар құрамы Дауренбек Кусаинов, Гульнара Рахимова, Жаныл Мадалиеваның қатысуымен өткен дәрісте студенттерге «дін» деген ұғымның мәні түсіндіріліп, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бағыттар туралы ақпараттар берілді. Дәріс барысында студенттер өз ойларын да ортаға салды. Әлемде кең тараған басты үш діннің (христиан, ислам, будда) әртүрлі бағыттары бар екенін біліп, ислам дінінің ханафи мазхабын ұстанушылардың (мұсылмандар) статистика бойынша көп екеніне көздері жетті. Қазіргі жастардың санасын улап жатқан түрлі ағымдардан сақтандырып, адаспау үшін осы дәріс үлкен септігін тигізері анық.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу