Институт жаңалықтары мен оқиғалары
21.02.2019
«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бастамаларды жүзеге асыру аясында тарихымызды және батырларымызды ұмытпай, жастарымызға дәріптеуді рухани жаңғырту мақсатында «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты - жоғары оқу орнындағы студенттердің адамгершілік, адалдық қасиеттерін дамыту және патриоттық сезімге тәрбиелеу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай ауған соғысының ардагерлерімен студенттер кездесуі 20 ақпан Тарих және Құқық институтының конференция залында өтті.
Ауған соғыс ардагерлеріне арналған «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы дөңгелек үстелді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Тарих және құқық» институтының директоры Болат Жұмағұлов ашты.
Бағдарлама бойынша студенттер өздері дайындаған қойылымдары мен ауған соғысына арналған өлеңдерін оқыды. Кездесуге келген ауған соғысының ардагерлері Қожахмет Пірмашев, Серғазы Құсаинов, Болат Зікіров, Жомарт Симтиков өз естеліктерімен бөлісті. Студенттер өздері қызықтырған сұрақтарды қоя отырып, дөңгелек үстел жұмысына ат салысты.
Кездесуді ұйымдастырушы «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бурибаев бүгінгі кештен естелік үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдығына арналған арнайы сыйлықтарды табыстады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|