Институт жаңалықтары мен оқиғалары
06.12.2018
«Дені сау ұрпақ - ел болашағы» спартакиадасы
2018 жылдың 1 желтоқсанында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған білім алушылар арасында Жалпыуниверситеттік «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» спорттық спартакиадасы өтті. Университетіміздің спорт залында өткен жарыс бағдарламасында: шахмат, мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тартыс, қол күресі бойынша спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Институт құрама командаларына тиісті дәрежедегі дипломдар мен естелік кубогы табыс етілді. Әр спорт түрі бойынша командалар ең көп ұпай саны бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынды - Жаратылыстану және география институты, екінші орынды - Тарих және құқық институты, үшінші орынды - Өнер, мәдениет және спорт институтының білім алушылары иеленді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|